АЛМАТИНСКИЙ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ ПУТЕЙ СООБЩЕНИЯ


+7(727) 376-74-78
    (вн. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС

Главная » Новости » Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара

                                      «Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі» пәндерінің цикл жетекшілерінің ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне орай «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өтті
                                     Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.