АЛМАТИНСКИЙ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ ПУТЕЙ СООБЩЕНИЯ


+7(727) 376-74-78
    (вн. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС

Главная » Новости » «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»

«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»

                                      Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің әкімшілік мүшелерімен оқытушыларына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы тыңдалып, талқыланды..

          Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын көріп, талқыланды Президенттің қандай мәселелерді қозғағанын назарларыңызға ұсынамыз:⠀ «Жақында болған қайғылы оқиғалар, браконьерліктің ұйымдасқан қылмыстың ең қауіпті түрі екенін көрсетті. Үкіметке тиісті заңнаманы қатайту үшін екі ай ішінде қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын»⠀ «Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатарына жас кадрларды тарту керек. 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуға кірісеміз, ал босаған қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға бағыттаймыз»⠀ «Егер бейбіт акциялар заңды және азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, оларды өткізуге рұқсат беру керек. Өткізу үшін орын бөлінеді, қала шетінен емес. Алайда бұл ретте заңсыз әрекеттер мен бұзақылық жасауға тыйым салынады»⠀ «Мен тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл - келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз»⠀ «Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету-біздің міндетіміз»