АЛМАТИНСКИЙ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ ПУТЕЙ СООБЩЕНИЯ


+7(727) 376-74-78
    (вн. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС

Главная » Новости » «Күзгі бал-2019»

                                      «Күзгі бал-2019» Ұйымдастырушы: АТУ 3-1, АТУ 1-4 тобымен жетекшісі Саркеева Гульнар Токаевна
                                     Колледжімізде студенттердің асыға күтетін шараларының бірі – «Күзгі бал» десем артық емес. Күз Ханзадасымен Ханшайымы қандай қасиеттерге ие болатынын көрсету үшін Әуезов ауданының 2018 жылғы Ханзадасы мен Ханшайымы болған өнерлі студенттерімізді қонаққа шақырдық. Өз өнерлерімен көрермендерді көздің жауын алатындай әсем билерімен таңғалдырды. Күзгі балға 13 жұп дайындықпен келіп, өз өнерлерін көрсетті. Балға дайындалған студенттердің сыналар сәті әдеттегідей таныстырудан басталды. Әр топтың өзінше ерекше дайындалғаны көрінді. Біреулер топтарын қара сөзбен таныстырса, енді біреулер өлеңмен өрнектеді. Ал «Өнерің өрге жүзсін» деп аталған екінші турда сайыскерлер өз өнерлерін барынша көрсетуге тырысты. Ән, би, сахналық қойлым қойылды. Үшінші турда сайыскерлер ақ көйлектерін киіп «Күзгі вальс» биін биледі. Студенттеріміз өте өнерлі, жан-жақты екенін көрсетті. Әділқазы алқалары әділ бағаларын қойып, сайысқа қатысушылар келесідей жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлдені - АТУ 1-4 - Оспанов Нурдаулет және Аманбаева Акнур ⠀ 1 орын - ОПУ 1-1 - Еспаев Муратқали және Қанатбек Айман⠀ 2 орын - ОПУ 1-3 - Досыбаев Нұржігіт және Оразтаева Айым ⠀ 3 орынды АТУ 1-1 - Ержигит Қыдырәлі және Оралгазинова Кенжегүл @atekps_edu оқырмандарының пікірінше "көрікті жұп" - Ержигит Қыдырәлі және Оралгазинова Кенжегүл (АТУ 1-1) иемденді Барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен және де «Өнерлі жұп», «Үздік таныстыру», «Инабатты жұп», «Сымбатты жұп», «Үздік би қойылымы», «Алтын дауыс», «Көрермен көзайымы» т.б. номинациялармен марапатталды. Сонымен қоса бағалы силықтар тарту етілді.