АЛМАТИНСКИЙ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ
КОЛЛЕДЖ ПУТЕЙ СООБЩЕНИЯ


+7(727) 376-74-78
    (вн. 555, 586)

        ҚАЗ | РУС

Главная » Новости » Мемлекет басшысының халыққа жолдауы

02.09.2019 күні Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің ұжымы мемлекет басшысының халыққа жолдауын көріп, талдап өтті.

                                      Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің ұжымы мемлекет басшысының халыққа жолдауын көріп, талдап өтті. .

02.09.2019 күні Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің ұжымы мемлекет басшысының халыққа жолдауын көріп, талдап өтті. Талдауды колледждің атқарушы директоры Антонов Бауыржан Антонұлы мырзамен, жоғарғы санатты тарих пәнінің оқытушысы Алишева Айгүл Сарсеналықызы жүргізді. Талдау барысында келесі мәселелер қарастырылды. : «Жақында болған қайғылы оқиғалар, браконьерліктің ұйымдасқан қылмыстың ең қауіпті түрі екенін көрсетті. Үкіметке тиісті заңнаманы қатайту үшін екі ай ішінде қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын». «Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатарына жас кадрларды тарту керек. 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуға кірісеміз, ал босаған қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға бағыттаймыз»⠀ «Егер бейбіт акциялар заңды және азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, оларды өткізуге рұқсат беру керек. Өткізу үшін орын бөлінеді, қала шетінен емес. Алайда бұл ретте заңсыз әрекеттер мен бұзақылық жасауға тыйым салынады»⠀ «Мен тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл - келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз»⠀ «Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету-біздің міндетіміз» Жолдауды талдауға барлығы 250ге жуық оқытушы қатысты.

 

 

АТЭҚЖК директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

А.А.Өмірғазынов Н.К.Аубакирова